Владимир Зеленский НАТО-ның шешімін сынға ұшыратты

Владимир Зеленский НАТО-ның шешімін сынға ұшыратты

Брюссельдегі саммиттен кейін Владимир Зеленский НАТО-ның Украина аспанын «ұшуға болмайтын аймақ» деп жарияламауына қатысты шешімін қатаң сынға алды.

Владимир Зеленскийдің сөзінше, аталған ұйым осылайша Ресейдің украин жерін әрі қарай да бомбалай беруге толықтай мүмкіндік беріп отыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- НАТО саммиті өтті. Бұл кездесу бостандық үшін күрес кейбіреулерге Еуропаның басты мақсаты саналмайтынын көрсетті. Енді қаза тапқан азаматтың барлығы сіздердің әлсіздіктеріңіздің кесірінен көз жұмған болады.