Қызылордада заң талаптарын түсіндіру тетігі бекіді
Қызылордада құзырлы орган өкілдері түрлі сала қызметкерлеріне заң талаптарын түсіндіру мақсатында арнайы кездесулер өткізіп жатыр. Олардың қатарында жастар да қамтылған. Өткен демалыс күндері «Заң мен тәртіп» атты ашық пікір алмасу алаңы» ұйымдастырылды. Шараға қатысқандар заң үстемдігін негізге ала отырып, профилактикалық шараларға айрықша мән беру керектігін айтты.
Қылмыстың өтеуі жаза, бұған дау жоқ. Дұрысы, заң аясынан шықпай, тәртіпті
ту еткен қоғам қалыптастыру. Ашық пікір алаңына келгендер осылай деп пікір
алмасты. Заң мен тәртіп қағидаты бекітілген осы сыр өңірінде профилактикалық
шаралар қатары ширады. Соның нәтижесінде қылмыс дерегі өткен жылмен салыстырғанда
айтарлықтай азайған.