Атырау: 37 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр
Атырауда тасқынға қарсы дайындық қарқынды жүріп жатыр.
Әсіресе, Қызылқоға және Жылыой аудандарында қауіп жоғары. Қазір облыс бойынша
барлық қатерлі аумақтар белгіленіп, нақтыланып жатыр. Бақылауға алынған 51 елді
мекеннің 14-де тасқын қаупі азайды, алайда қалған 37 ауыл әлі жіті назарда.

