Отандық QazVac вакцинасы Ауғанстанға жіберілуі мүмкін

Отандық QazVac вакцинасы Ауғанстанға жіберілуі мүмкін

Отандық QazVac препараты Ауғанстанға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- Ауған тарапы қазақстандық QazVac вакцинасын жеткізу түрінде гуманитарлық көмек көрсетуді сұрады. Қазір бұл мәселе қаралып жатыр. Соңғы шешімді Қазақстан үкіметі қабылдайды

Сонымен қатар Сыртқы істер министрі Ислам еліне гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілгенін айтты. Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тек қыркүйек пен қазан айларында Ауғанстанға 60 мың тоннадан астам ұн мен 15 мың тоннадан астам астық жөнелтілген. Алдағы уақытта жеткізілімдер арта түседі деп жоспарлануда.

Авторы: Әсел Күшенғалиева