«Бурабай» Ұлттық Паркінде PikeMan и Aqbura Bay Trail-2 жарысы өтті

«Бурабай» Ұлттық Паркінде PikeMan и Aqbura Bay Trail-2 жарысы өтті

30 мен 31 шілде күндері Бурабай ұлттық паркінде халықаралық деңгейде спорттық шара өтті. 12 елдің өкілдері екі күн қатарынан ашық суда жүзіп,  жаппай трейл жүгіру сыныннан бақ пен бап сынады. Жарысқа енді жүзе бастағандар мен балалар және суда өзін балықша сезінетін спортшылар қатысты. Алғашқылары 1 шақырымды,  ал тәжірибелі жүзгіштер одан 4 есе ұзын қашықтықты бағындырулары керек болды.   

Анастасия Тукмачева, спорт блогері:

– Маған мұнда жүзуден үлкен әсер алдым.  Себебі, көл суы таза, жүзу үшін өте жайлы екен. Бұл менің Қазақстанға алғаш келуім. Осы сапарымда спорттық оқиғамен пайдалыны біріктіріп барынша тиімді өткіздім.  

Сонымен қатар, желаяқтар AqburaBay Trail-2, яғни 12 және 35 шақырымды құрайтын  халықаралық кросс бойынша жүгіру қауымдастығының тізіліміне кіретін қос бағытты артта тастау керек болды. Жаппай жүгіру додасына 700-ге тарта сайыскер қатысты.

Юлия Фернас, жарысқа қатысушы:

– Бұған дейін  тас жолдың бойымен өтетін марафондарға жиі қатысатынмын. Кейін трейлдерге деген қызығушылығым артты. Себебі, әрқашанда қоршаған орта аясында өтеді. Жолыңда қайталанбас сан түрлі әсем табиғатты кезіктіресің. Көркіне көз тоймайтын Бурабай сынды курорттық жерде трейл ұйымдастырылатынын естігенде бірден оған қатысуым керек деп шешім қабылдадым. Ол үшін өзім сияқты ниет танытқан адламдарды жидым. Мұнда жету оңай болған жоқ. Дегенмен, үмітіміз ақталып,  шарадан үлкен ләззат алдық.         

«Қазақ туризм» компаниясы, өкілдерінің пікірінше, мұндай халықаралық іс-шаралар еліміздің әлеуетін танытып, тартымды ете түседі. Есесіне, шетелдік туристтердің ағыны артады. 

Даниель Сержанұлы, «Kazakh Torism» ҰК» АҚ Басқарушы директоры: – Бұл шара халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық тудырды. Жарыстың кейбір кезеңдері еліміздің аса көрікті жерлерінде өтті. Бұл ең алдымен туристерді тартып, біздің әсем табиғатты таныстыру үшін қажет болды. 

Павел Тенцер, ұйымдастырушы:

– Бұл жолы бізге Kazakh Torism, Qazaq Geography үлкен қолдау көрсетті. Біз осы арқылы көпті табиғатты аялауға шақырып, қоршаған ортаға қоқыс шашпаудың маңызын насихаттаймыз. Шараның осындай еліміздің аса  көрікті аймақтарының бірі - Бурабай мемлекеттік саябағы сынды жерде өткені жақсы болды.   

Жаппай спорттық жарыстарда мыңнан аса адам белсенділік танытқанын айта кеткен жөн.