Аягөз қаласының жылу жүйесінде апат болды
Аягөз қаласының жылу жүйесіндегі жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер мекемені әкімдік сотқа берді. Компания өзіне жүктелген міндетті дер кезінде аяқтамаған. Айта кетейік Аягөз қаласына 16 қазан күні жылу беріліп, 1 сағаттан кейін өшіп қалған. Соның салдарынан бірнеше көше мен 3 мектеп және бір балабақша жылусыз қалған. Мамандардың айтуынша, орталық қазандықтың құбырлары жылыту маусымына дайын болмай шыққан.

