ДДСҰ: Украинаға гуманитарлық дәліз ашу керек

Киевте мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін гуманитарлық дәліз ашылу керек. ДДСҰ-ның бас директоры осылай дейді. Тедрос Адханом Гебрейесустың айтуынша, бұл шара гуманитарлық қызметкерлердің тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ету және мұқтаж жандарға қажет заттарды жеткізу үшін қажет.

Айта кетейік, бұған дейін ұйым Украина халқына көмек ретінде 3,5 млн доллар бөлген.