Перизат Қайраттың соты тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін

Перизат Қайраттың соты тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін

Перизат Қайраттың сотын тікелей эфирден көрсету мәселесі қарастырылып жатыр. Жоғарғы соттың мәлімдемесіне қарағанда, әзірге «Біз біргеміз» қайырымдылық қорынан 3,5 млрд теңгені қолды қылған волонтерге қатысты іс сотқа түскен жоқ. Түскен жағдайда процесті тікелей эфирден өткізу мәселесі қарастыруға дайын. Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты тергеп-тексеруді аяқтаған болатын. 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісіп, 9 маусымда аяқталған.