Бестеректегі жол апаты: 2 бала тікұшақпен астанаға жеткізілді
|
Бестеректегі жол апатын жасаған жүргізуші 2
айға қамалды. Қазір Абай облысының Үржар ауданында 3 бала қаза болып, тағы үшеуінің ауруханаға түсуіне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша полиция
қылмыстық іс қозғаған. Ішкі істер министрлігі де барлығын тікелей бақылауына
алған. 19 тамыз таңертең Бестерек ауылында жантүршігерлік жол апаты болған.
Полиция дерегінше, Toyota маркалы автокөлікті тізгіндеген 55 жастағы азамат
рөлге ие бола алмай, жолдың небәрі он метрдей жерінде ойнап отырған 6 баланы
қаққан. Зардап шеккендер екі отбасының балалары екен. 2-уі сол жерде мерт
болса, біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Жараланған 3 баланың екеуі
жағдай ауыр болғандықтан шұғыл әскери тікұшақпен Астанаға жеткізілген. Оған
Президенттің өзі тапсырма берді. Білікті хирургтер де тартылған. Қазір аман
қалған балалардың біреуінің жағдайы орташа ауыр деңгейде дейді дәрігерлер.
Миына операция жасалған. Ал Абай облысында қалған балаға жергілікті мамандар
ота жасап шыққан. |

