Үкіметте Қазақстан су кеңесінің кезекті отырысы өтті

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді. Бұл шаралар су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Үкімет басшысы құзырлы мемлекеттік органдарға Гидрогеологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, жер асты суларының мониторингін автоматтандыру және басқа да геоақпараттық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар дайындауды тапсырды. Бұдан бөлек, Су ресурстары бойынша жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарының консорциумын құру жоспарлары қарастырылды. Атап айтқанда, бұл ғылыми орталық жұмысы барлық мамандандырылған институттардың әлеуетін салалық даму бағдарламаларын әзірлеп біріктіруге мүмкіндік беретіні айтылды.