8 облыста тасқын қаупі жоғары

8 облыста тасқын қаупі жоғары

Еліміздің бірқатар өңірінде тасқын қаупі артты. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарында соңғы күндері қар көп жауған. Ал, оңтүстік және батыс өңірлерде қар ери бастаған. Жалпы ел аумағының 71 пайызы ақ ұлпа астында жатыр. Алдағы күндері күн күрт жылынатын болса, тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда әлі де жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түсетінін айтады.