МАГАТЭ Қазақстанға АЭС салу бойынша консультативтік көмек көрсетеді

МАГАТЭ Қазақстанға АЭС салу бойынша консультативтік көмек көрсетеді

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің кезекті кешенді миссиясы жыл соңына дейін елімізге келеді. Естеріңізге сала кетейік, мамандар Қазақстан Үкіметіне атом электр станциясын салу бойынша қажетті консультативтік көмек көрсетеді. МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссимен Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы еліміздің тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді кездесіп, онда халықаралық ұйымға мүшелік ету біздің еліміз үшін басым маңызға ие екендігін жеткізді.  Сондай-ақ тұрақты өкіл Қасым-Жомарт Тоқаевтың атом электр станциясын салу бойынша мәселені жалпыұлттық референдумға шығару жөніндегі ұсынысын да айтты. Айта кетейік, көктемде халықаралық сарапшылар елімізге келді.  Онда миссия шеңберінде Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде алғашқы АЭС салу мәселелері қаралды.