Шетелде қалған отандастарымыз елге қайтарылады

Шетелде қалған отандастарымыз елге қайтарылады

Бүгінде 7 жарым мыңға жуық отандасымыз шетелде жүр. Қазір оларды құзырлы органдармен бірлесіп, Қазақстанға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады. Онда барлығы штаттық режимде Қазақстанға қайтарылатыны айтылған. Сонымен қатар кәсіпкерлер елдегі төтенше жағдайға қарамастан, ең қажетті азық-түлік және онкологиялық дертке шалдыққан науқастар мен диабетпен ауыратындарға дәрі-дәрмектерді жеткізуде өздеріне жүктелген барлық міндетті уақытлы атқаратынын жеткізді.

Талғат Темірханов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

– Қазір жылумен және жанар-жағармаймен қамту орталықтары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Біз дәрі-дәрмек пен азық-түлік және ең қажетті нысандардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз.