Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде Мемлекет басшысы Қазақстан халқын құттықтау жолдады: «Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы», - деді Президент. «Бүгінде Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары. Стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді» делінген Президент құттықтауында.