Қазақстанда жерді қашықтан зондтайтын жер серіктерінің өндірісі басталады

Қазақстанда жерді қашықтан зондтайтын жер серіктерінің өндірісі басталады

Қазақстан жерді зондтайтын жер серіктерінің өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Ол ғарыш аппараттарын құрастыру және сынақтан өткізу кешенінің базасында шығарылады. Бұл жерде орта деңгейдегі «KazEOSat-MR» жер серіктерінің 60% өндірілмек. Олар, қазір қолданыстағы «KazEOSat-2»-ні алмастырады. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше қазір жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал, жер серіктері келес жылдан бастап шығарылады деп күтілуде. Бұл жоба Қазақстанды ғарыш аппараттарын өндірушілерді әлемдік нарыққа шығарып, жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Айта кетсек, жер серіктерінің жинаған мәліметтері экономиканың бірқатар салаларының цифрландырылуын қамтамасыз етеді. Негізінен, олар ауыл шаруашылығында қолданылады.