Отандық селекцияны тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді

Отандық селекцияны тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленеді

Елімізде отандық селекцияны тұқыммен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Саланы дамыту үшін бұл жұмыс ел Президентінің тапсырмасымен қолға алынған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Ал елдің импортқа тәуелділігінен арылуы қамында тұқым шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы құрылады. Онда бірыңғай тізбекте «селекция, тұқым шаруашылығы және өндіріс» біріктіріледі.

Бұған қоса, 2023 жылы салаға жаңа ақпараттық жүйе ендірілетін болады. Бұл тұқымның өндірушілерден тауарлық шаруашылықтарға дейін жетуін сандық үлгіде қашықтан бақылауға мүмкіндік береді. Яғни, жүзеге асуына бақылау орнатуға мүмкіндік береді, деп атап өтті бейінді ведомствода. Жалпы, жер емген диқандарға мемлекеттік қолдау артып келеді. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 2 есеге ұлғайып, 140 млрд теңгеге жетті.