Декретте отырған әкелердің еңбек өтілі есептелетін болды
Енді декреттегі
әкелердің еңбек өтілі қысқартылмайды. Яғни, бала күтімімен отырса да, еңбек
кітапшасында ол кезең жұмыс істегенге теңестіріліп жазылады. Бүгін Сенат Еңбек
кодексіне бірқатар түзетулер енгізіп, оны екі оқылымда қарап, мақұлдап жіберді. Оған сәйкес, декретте
отырған әкенің еңбек өтілі зейнетақы жүйесіне кері әсерін бермеуі тиіс. Кодексте азаматтардың жалақы мәселесі де
қамтылған. Лауазымы
бір қызметкерлерге екі түрлі жалақы тағайындамуы тиіс. Сондай-ақ,
жұмыс берушілерге қызметкерлермен
азаматтық-құқықтық
шарт жасауға тыйым салынады. Егер жұмыс кезінде
еңбеккер қандай да бір жазатайым жағдайға тап болса, онда оған 25 пайыз
көлемінде өтемақы берілу міндетті. Өтемақылар
мен жәрдемақылар алдын ала еңбек келісім-шартында жазылып тұрады.
Виктория Шегай, ҚР
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Осы ұжымдық
келісімдерде міндетті түрде еңбек қызметін атқару кезінде зардап шеккен
қызметкерлерге өтемақы төлеу мәселелері қамтылуы тиіс. Сонымен қатар, міндетті
түрде еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мәселелер де
енгізіледі. Бұдан бөлек, қоғамдық бақылау күшейтіледі.

