Қазақстанда интернет сапасы бақылауға алынады

Қазақстанда интернет сапасы бақылауға алынады

Сапалы интернетке қол жеткізу үшін нарықта бәсекелестік болуы тиіс. Дәл осындай ой елордада өткен «Қазақстандағы телекоммуникация және цифрландыру саласының дамудағы болашағы» атты дөңгелек үстел барысында айтылды. Шараға құзырлы мемлекеттік орган өкілдерімен қатар сала мамандары қатысты. Жиында жарияланған мәліметке сәйкес, осы күні баяу интернет пен сапасыз байланыс үшін мобильді операторларға 104 млн теңге айыппұл салынған. Қазір Парламентте осы саладағы қоғамдық бақылау туралы заң жобасы қаралуда.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі интернет пен байланыс сапасын сынға алған болатын.

Жанат Нұрғалиев, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коммерциялық емес ұйымының басшысы:

- Пандемия кезеңі үлкен мәселенің бетін ашты. Интернеттің аса қажеттілігін және оның сапасының ақсайтынын көрдік. Бұл жерде біз бәсекелестікті жолға қою керектігін көріп отырмыз. Бізде бірнеше мобильді оператор жұмыс істейді. Ал нарық заңы бойынша бәсекелестік бар жерде тұтынушы үшін талас болатыны барлығымызға мәлім. Бұдан басқа, қазір Қоғамдық бақылау туралы заң жобасы бекіту сатысында. Бұл азаматтарға интернет сапасына мониторинг жүргізуге, оған қатысуға мүмкіндік береді.

Авторы: Ақзер Сегізбай