АЭС-ке қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр

АЭС-ке қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр

Атом электр станциясына қатысты қоғамдық тыңдау тамызда аяқталады. Референдум уақыты содан кейін белгіленеді. Осылай деген Энергетика министрі жұртшылықтың кездесудегі ойын да жеткізді. Алмасадам Сәтқалиев әсіресе жастардың атом энергетикасын дамытуға қызығушылығы жоғары екенін көрдік деді.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

– Барлығы атом энергетикасын, индустрияны, ғылымды, электрониканы, білім беруді, технологияны дамыту үдерісін түсінеді. Ұлттық әл-ауқат қоры және қазақстандық атом электр станциясының еншілес кәсіпорны үлкен қызығушылықты тіркеп алды. Негізі атомдық технологиялардағы қауіпсіздік жүйелерінің деңгейі мен қоршаған ортаны қорғаудың жүйелері қаншалықты жетілгенін түсінбестен эмоцияға көбірек сүйенетіндер де бар. Дегенмен қазіргі науқан толығымен ашық және транспарентті болады.