Аграрлық несие корпорациясы төмен пайызбен несие береді
Аграрлық несие
корпорациясынан қолдау тапқысы келетін шаруалар көп. Өйткені, биыл көктемгі егіс
пен күзгі жиын-терім жұмыстарына берілетін қаржы көлемі артты. Қазір
фермерлерге ыңғайлысы «Кең дала 2» бағдарламасы. Мамандар жаңа жобаны жыл сайын
өтетін «Jańa Dala» агро көрмесінде таныстырған.

