Күрделі музыкалық шығарманы орындаған – Ақбөпе Әділхан

Ақбөпе Әділхан – П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының 5-ші курс студенті. Бірнеше күннен кейін Ақбөпе заманауи Хор орындау өнер кафедрасы түлегінің дипломын алады. Беделді өнер ордасында білім алған бес жылдың ішінде біраз қиындықтар мен сынақтан өткен. Бірақ ең күрделі сынақ алда күтіп тұр. Борис Тевлин атындағы хор дирижерларының 2-ші халықаралық байқауы музыканттар үшін өте маңызды жарыс. 3 турдан өткен соң Ақбөпе байқаудың соңғы кезеңдерінде күрделі шығарманы орындауға бел буған. Бұл шығармаға тәжірибелі музыканттың өзі дирижерлік етуге жүрексінеді.