Әуезов театры әйгілі Авиньон фестивалінде өнер көрсетті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры шілде айында Францияның Авиньон қаласында өтетін «Festival d’Avignon» халықаралық театр фестиваліне қатысты. Театр Қорқыт ата тағдырынан сыр шертетін драматург Иран-Ғайыптың «Қорқыттың көрі» атты қойылымын әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қалың көрерменге тарту етті. Қойылымның қоюшы-режиссері Литваның және КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, танымал режиссер Йонас Вайткус.
Фестивальдің өзіндік ерекшелігі – фестивальге қатысушы театр ұжымы өнерлерін, спектакльді қала көшелерінде шеруге шығып жарнамалауында. Яғни билеттер мен афишаларды таратады. Спектакльді қояр алдында М.Əуезов театрының актерлері гриммен Авиньон көшесімен жүріп, Сақ, Ғұн дəуірін, шамандық дəстүрдің сипатын еске түсіріп, қала тұрғындарына қазақ жерінен келгенін айтты.
Әлемге әйгілі фестиваль қалай өтті? Əуезов театры мен «Астана Мюзикл» театрларының гастролі, қойған спектакльдері мен дайындығын бағдарлама барысында тамашалай аласыздар.