Руслан Тұрынтаев. Қазақстандық Паганини
Руслан Тұрынтаев - П.И. Чайковский атындағы ММУ студенті, скрипкашы, көптеген халықаралық сыйлықтардың лауреаты.
Консерваториядағы оқу, емтихандар, байқаулар, Германия, Ресей, Франция, Мексикадағы концерттер. Жасы 19 дағы жас жігіт үшін жұмыс кестесі өте тығыз. Бірақ Руслан үшін бұл қалыпты жағдайға айналған. Ол бала кезінен табандылығымен, еңбекқорлығымен көзге түскен еді.