«Астана Опера» – қазақ опера өнерінің ордасы

Қазақстандық өнердің көшбасшысы – «Астана Опера» театрына бүкіл елдің және шет елдердің ең талантты әртістері мен музыканттары жиналған. Ашылғанына небары 5 жыл өткеніне қарамастан, «Астана Опера» театрына дүниежүзілік өнер ортасының назары түсті. Театрдың шетелге гастрольдік сапарлармен қатар әлемдік өнердің үздік өкілдерімен әріптестік – Қазақстан мәдениетін шет елдерге таратуға арналған сәтті жобаға айналды. Сондай-ақ «Астана Опера» сахнасында маңызды оқиғалар жиі болады. Мұнда атақты қазақстандық әртістермен бірге, дүниежүзіне танымал жұлдыздар жиі өнер көрсетеді. Театр тарихы, құрылысы мен өзге де ерекшеліктері туралы бағдарлама шығарылымынан көруге болады.