«Астана Опера» театры Санкт-Петербургте
«Астана Опера» театрының жетекші солисі – Жанат Бақтай гастрольдік сапардағы дайындық арасында қаламен танысуға уақыт тауып, көшенің көрікті жерлерін аралауға шықты. Алайда, мұндағы көз тартатын көрініс шығармашылық шабытты еселендіре түскендей. Бізге берген сұхбатында опера әншісі концерттік кеште орындайтын Джоаккино Россинидің «Жібек саты» спектаклін тілге тиек етті.
Жанат Бақтай бұл жолы өз ролін «Санкт-Петербург Опера» Мемлекеттік камералық музыкалық театрының сахнасында сомдайды. Концерт IV Халықаралық камералық опера фестивалі аясында өтіп жатыр.