Ахмед Хуссейн: Қазақ мәдениетін зерттегенді ұнатамын | Шетелдіктің бір күні
Ахмед Хуссейн – философия және физика докторы. Египетте туып өскен. Түрлі елде жұмыс істеген. Бішкекте болашақ әйелі Бегаиммен танысқан. Қазір ерлі-зайыптылар 3 жасар қызы Микамен бірге Ақтөбеде тұрады. Ахмед жергілікті зияткерлік мектепте сабақ береді. Ал бос уақытында Египеттің дәстүрлі тағамдарын әзірлеп, қазақ мәдениетін зерттегенді ұнатады. Кейіпкеріміз ауа райына қарамастан, саябақта серуендегенді ұнатады. Ал демалыс күндері отбасымен бірге қаланың сыртына шығады. Сонымен қоса жергілікті спорт мектептерінің бірінде бокспен айналысады. Оның жаттықтырушысы – бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Шолақов.