АҚШ-Иран меморандумы: Дипломатиялық шешімдерге жол ашыла ма?

АҚШ-Иран меморандумы: Дипломатиялық шешімдерге жол ашыла ма?

Күні кеше АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл Таяу Шығыстағы соңғы жылдардағы ең маңызды дипломатиялық оқиғалардың бірі болуы мүмкін. Олай дейтініміз - ондаған жылдарға созылған сенімсіздік, санкциялар, жанама қақтығыстар және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты даулардан кейін Вашингтон мен Тегеран шиеленісті шешуге бағытталған келіссөздерге бір қадам жақындай түсті.

Дейтұрғанмен бұл меморандум түпкілікті бейбіт келісім емес. Ол - алдағы 60 күн ішінде екі тарап жан-жақты келісімге келуі тиіс келіссөз кезеңінің басталғанын білдіретін құжат. Келіссөздер ядролық бағдарлама, санкцияларды жеңілдету, өңірлік қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қамтуы мүмкін.