Референдум-2026: Респонденттердің 73%-і дауыс беруге қатысады

Референдум-2026: Респонденттердің 73%-і дауыс беруге қатысады

Ел тағдыры үшін маңызды күн жақындап қалды. «Біз бір ұлт болып тарихи жолдың торабына жеттік, енді халқымыз келе жатқан жалпыхалықтық референдумда ел тағдырына әсер ететін таңдауын жасайды» деген еді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Ақордада өткен жиында. Әрі «Жаңа Конституцияны қабылдау – уақыт талабы, мемлекетіміздің алдында тұрған өзекті де шұғыл міндет» екенін айтқан. Бұл ретте Қазақстандық қоғамдық даму институты осы жексенбі өтетін референдум төңірегінде ел ішінде екі түрлі сауалнама жүргізген. Сарапшылар, біріншіден, жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін анықтауға тырысыпты. Екіншіден, халықтың дауыс беру науқаны туралы хабары бар-жоғын зерделеген.