Алтын Орда - Қазақстанның тарихи коды
Күні кеше Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих,
археология, мәдениет, бірегейлік» атты симпозиум өз жұмысын аяқтады.
Бұл жиын тек тарихшылардың пікір алмасу алаңы емес, Қазақстанның тарихи
санасын жаңғыртуға бағытталған үлкен идеологиялық әрі мәдени қадам ретінде
бағаланды. Симпозиум барысында айтылған сөздерге назар аударсақ, олардың
астарында бірнеше маңызды бағыт жатыр: мемлекеттілің тарихын қайта зерделеу,
ұлттық бірегейлікті күшейту және Қазақстанның өркениеттік рөлін халықаралық
деңгейде таныту.
Симпозиумның ашылуында сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Ордаға
қатысты бұрынғы стереотиптік көзқарастардың өзгеруі қажет екенін ерекше атап
өтті.

