Президент реформалары: популизмсіз саясат және ұзақмерзімді даму

Президент реформалары: популизмсіз саясат және ұзақмерзімді даму

Наурыз айы туғанда мемлекетіміздің арғы-бергі шежіресіндегі тарихи бетбұрыс – жеті жыл бұрынғы саяси билік транзиті еске түсетіні бар. Иә, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел тізгінін қолына, ұлт тағдырын мойнына алған күнінен бері аттай жеті жыл өтіпті. Сол дата жақындаған сайын өткен кезеңді бір қорытындылап, болашаққа бағдар түзетін үрдіс қалыптасқан. Осы аралықта еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды да жүйелі өзгерістер болғанын көз көріп, құлақ естіп жүр. Күнделікті тіршілігімізде сезініп те жүргенімізді айтпасақ асылық болар. Жеті жылда қиын-қыстау кезеңдер де аз болған жоқ. Дүние жүзін түгел жайлаған коронавирус пандемиясы да, геосаясаттағы тұрақсыздық та осы мерзіммен тұспа-тұс келді. Бірақ оған мойынсұнып, қол қусырып қарап қалған яки абдырап қалған ешкім жоқ. Мемлекет басшысы, ең бастысы, тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күшін салды. Өзі сол тұрақтылықтың кепіліне айналды десе болар. Сөйтіп Қазақстан серпінді даму жолына түсті.