Қазақстан-Ресей: Еуразия кеңістігіндегі дипломатиялық диалог
Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары - биылғы көктемдегі Еуразия кеңістігіндегі ең маңызды дипломатиялық оқиғалардың бірі. Бір апта бұрын ғана Ресей басшысы Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізсе, енді Астанаға келіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізіп жатыр. Сарапшылардың пікірінше, «Бейжің – Астана» бағыты бүгінгі Еуразия кеңістігіндегі жаңа геосаяси ахуалды айқын көрсетеді. Өйткені қазіргі таңда Орталық Азия ірі державалардың стратегиялық мүдделері тоғысқан аймаққа айналып отыр.

