«Артемида-2» Ай орбитасына сәтті аттанды
Адамзат ғарышты игеру бағытында тағы бір кезекті тарихи қадам жасады. АҚШ-тың Шығыс уақытымен 1 сәуір күні кешкі 18:35-те, ал Астана уақытымен бүгін таңғы 4:35-те Флорида штатындағы Джон Кеннеди атындағы ғарыш орталығынан Артемида-2 миссиясы Айдың орбитасына сәтті аттанды. Бұл жарты ғасырдағы Айға бағыттылған алғашқы басқарылатын ғарыш кемесінің ұшуы. Толығырақ «Талдау» бағдарламасында.

