Мектепте смартфон қолдану: Дұрыс па, бұрыс па?

Мектепте смартфон қолдану: Дұрыс па, бұрыс па?

Бүгінде 114 білім беру жүйесі смартфондарды мектепте қолдануға тыйым салған, бұл барлық елдің 58 процеті. Бір қызығы, бұл тренд тез белең алып келе жатыр. Мәселен, 2026 жылы 2023 жылмен салыстырғанда тыйым салған мемлекеттердің саны 24 процентке өскен. Мұндай радикалды білім беру саясатына көшуге қандай факторлар әсер етті?

Ең алдымен, оқушылардың зейініне қатысты алаңдаушылық. Екінші маңызды фактор – психикалық денсаулық. Сонымен қатар, кибербуллинг мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ.

Бұдан бөлек, қауіпсіздік мәселесі де бар. Ата-аналар үшін баламен жедел байланыс орната алу өте маңызды. Төтенше жағдайларда телефон - қажетті құрал.

Қазақстан үшін де бұл мәселе өзекті. Цифрландыру қарқынды жүріп жатқан кезде, мектептер технологиядан толық бас тарта алмайды. Бірақ оны бақылаусыз қолдануға да болмайды.

Сондықтан алдағы жылдары басты назар біржақты, тұрпайы тыйымдарға емес, жан-жақты ойластырылған, терең зерттеуге негізделген тиімді реттеуге аударылуы қажет деп ойлаймыз.