Референдум-2026: Дауыс беру құқығы бар азаматтардың 73,12% таңдау жасады
87.15% . Бұл – Жаңа Конституция жобасын қолдап дауыс бергендердің үлесі. Яғни 12,4 млн-нан астам қазақстандықтың 8 млн-ға жуығы бюллетеньдегі «иә, қолдаймын» деген жауапты таңдаған. Мұны бүгін таңертең Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. Ескерте кететін жәйт – бұл әзірге алдын ала қорытынды. Алайда соңғы нәтиже одан аса қатты алшақтамайтыны белгілі. Ол 21 науырзға дейін жарияланбақ.

