Қазақстанда жеке детективтер пайда болуы мүмкін
Қазақстанда детективтердің жұмысы заңдастырылуы мүмкін. Иә, кәдімгі кинолардан көріп, әдеби шығармалардан оқитын жеке тыңшыларды айтып тұрмыз. Мәжіліс депутаттары жақында осы жеке детектив қызметіне қатысты заң жобасын қабылдады. Бұл құжат ізкесушілік институттың құқықтық негізін қалыптастырады дейді халық қалаулылары. «Заң жобасында жеке детективтік қызметтің негізгі ұғымдары, сондай-ақ оны жүзеге асырудың принциптері, міндеттері мен тәртібі қарастырылған» деді депутат Снежанна Имашева. Әрі бұл құжат детектив агенттіктері мен жеке із кесушілердің құқықтық мәртебесін де айқындап, олардың қызметін лицензиялау тәртібі мен мемлекеттік реттеуді белгілейтін көрінеді.

