Ғарыш индустриясының трансформациясы

Ғарыш индустриясының трансформациясы

Күні кеше Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күнін атап өтті. Бұл дата бекер таңдалмаған. Себебі 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат алғаш рет қазақ жерінен — Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа аттанған еді. Сол тарихи сәттен бері 65 жыл өтсе де, адам баласының ғарышты игеруге деген ұмтылысы бәсеңдеген жоқ. Керісінше, бүгінде бұл үрдіс жаңа кезеңге өтіп, бір кездері ғылыми фантастика саналған дүниелер бүгінде нақты инженерлік шешімдерге, ғылыми фактіге айналып отыр. 10 сәуір күні Тынық мұхитына келіп қонған «Артемида II» экипажы мінген капсула соның дәлелі. Бүгін біз Айды зерттеуге арналған «Артемида» бағдарламаның мен ғарыш регуляциясына талдау жасаймыз.