АҚШ маймыл шешегіне қарсы вакцинаның 296 мың дозасын алады
АҚШ-та маймыл шешегінің таралуымен күресу үшін ауруға қарсы вакциналаудың ұлттық стратегиясы қабылданды. Препараттың 300 мыңға жуық дозасы бөлінбек. Оның 50 мыңнан астамы азаматтарға таяу арада жеткізілмек. Вакцина федералды қордан алынады. Онымен қоса, билік алдағы бірнеше ай ішінде препараттың тағы бір жарым миллионнан астам дозасын жөнелтуге уәде беріп отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі федералдық орталықтары маймыл шешегіне қарсы әрекет ету үшін шұғыл операциялық орталықты іске қосатынын хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-та маймыл шешегін 244 адам жұқтырған.