Ақтаулық сүңгуірлер теңіз түбін қоқыстан тазалады

Ақтаулық сүңгуірлер теңіз түбін қоқыстан тазалады

Қарт Каспийдің түбі қоқыстан тазартылды. Ақтаулық сүңгуірлер осы аптаның өзінде теңізге 2 мәрте 10 метр тереңдікке дейін кіріп, қаптаған қоқыс шығарып жатыр. Әйтпесе, адамдардың кесірінен жиналған тамақ қалдықтары, бөтелке, пластикалық заттар су түбіндегі тіршілік иелеріне үлкен қауіп төндіріп жатыр. Айта кету керек, Каспийге сенбілікке шыққан сүңгуірлер ерікті түрде бұл әрекетке барып жүрген азаматтар. Басында хобби ретінде қараса, қазір экология сақшысына айналған.