«Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» жол учаскесінің құрылысы аяқталды
Ақтөбеде күрделі жөндеуден өткен жол қолданысқа берілді. «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тас жолының алғашқы 28 шақырымын реконструкциялау жұмыстары аяқталған. Бұл жол соңғы 20 жыл бойы жөндеу көрмеген еді. Соның кесірінен жүргізушілер де біраз әбігерге түскен. Енді жөнделген жол арқылы тауар мен жүк тасымалы да жеделдейдемек.
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тас жолы маңызды транспорттық дәліздің бір
бөлігі. Күн сайын бұл жолмен 18 мыңға жуық автокөлік жүреді. Ол Қазақстанның
батысы мен орталығын ғана жалғап жатқан жоқ. Сонымен қатар, халықаралық
бағыттарға да апаратын жол. Алайда ондағы төселген асфальттың жағдайы ұзақ
жылдар бойы халықаралық стандартқа сәйкес болмай келді.

