Ақылы автожолдың төлем тәртібі өзгерді

Ақылы автожолдың төлем тәртібі өзгерді

Енді көлік жүргізушілері автожолдың ақысын 30 күн ішінде төлей алады. Егер одан кешіктірсе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал заңды тұлғаларға - ереже мүлдем басқа. Оларға әр айдың 20-сына дейін уақыт беріледі. Оған дейін төлемесе, компанияның мемлекеттік нөмірі жауапты органға жіберіліп, тиісті шара қолданылады. Ал айыппұл бағасы жеңіл автоларға 5 АЕК, заңды тұлғаларға 2 есе қымбат. Осы ретте жол ақысы жеңіл автокөліктерге 80 теңгеден 600-ге дейін екенін ескерген жөн. Мысалы, Щучинск – Көкшетау сияқты қысқа бағыттарға арзанырақ, ал Шымкент – Қызылорда сияқты ұзын трассаларға баға қымбаттау. Айта кетейік, елде ақылы жолдардан жыл басынан бері 60 млрд-тан артық қаражат түскен. Бұл қаражат сол трассалардың күтіміне жұмсалады.