Әлем елдерінде COVID-19 ауруын жұқтыру дерегі азайып келеді

Әлем елдерінде COVID-19 ауруын жұқтыру дерегі азайып келеді

АҚШ, Израиль, Чехия және әлемде коронавирустың таралуы бойынша көш бастап тұрған басқа да елдерде ауру саны азайып келеді. ДДСҰ мұндай көрсеткіш вакциналанғандар санының көбеюіне байланысты деп отыр. Осылайша Еуропа мемлекеттері ковид шектеулерінен біртіндеп бас тартуда. Мәселен, 25 ақпаннан бастап Нидерланд барлық дерлік шектеу шарасын алып тастайды. Барлық мекеме қалыпты жұмыс уақытына орала алады. Санитарлық анықтамалардың да күші жойылады, алайда керек болған жағдайда қайтадан қолданысқа оралуы мүмкін. Мысалы, олар шетелге саяхаттаған жағдайда қолданылады.