Әлем халықтарын біріктіретін өнер

Бірлік түбі - береке. Ал, мәдениет пен өнердің халықтарды біріктіретін қасиеті бар. Осы орайда, 2009-шы жылы ЮНЕСКО ұйымы аясында «Эспланада» француз мәдени қауымдастығы құрылған болатын. Мақсаты – таланттарды қолдау, түрлі мемлекеттердің халқын өнер арқылы біріктіру, мәдениетті насихаттау. Қауымдастық осы уақытқа дейін 50-ден астам мемлекеттің бишілері, әншілері,музыканттары, актерлері және суретшілерімен жұмыс істеді.