Әсем әрі құпия жәндік: Қазақстандағы тұңғыш көбелектер үйі
Бұл Қазақстандағы тұңғыш көбелектер мұражайы. Әлемде коллекциялық көбелектердің 6 музейі бар. Ең үлкені Лондонда орналасқан. Оның қорында 8 мың қабыршық қанатты болса, Зерендіде тұратын спорт ардагері Валерий Шаровтың коллекциясында 2 мың бунақ денелі жәндік қойылған. Әрқайсысының жеке төлқұжаты мен аты да бар.