«Әлем қаласы» атанған Астана
Бағдарлама тақырыбы Еуразия жұлдызы, Ұлы дала қазынасы, болашақ қаласы Қазақстан елордасы – Астана қаласына арналмақ.
Қала даңғылдары кең, зәулім үйлері таңғалдырады. Түрлі-түсті бояулар көздің жауын алады. Келбетті шаһар әр адамның бойында тамаша әсер қалдырады. Еркелеп аққан Есілдің жағасынан орын тепкен Астананы бүгінде барша әлем таниды. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Ел астанасын Алматыдан ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары.
Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.