Alem: «Махаббат» атты ән жарық көреді
«Бүгін.
Live» төрінде танымал әнші, «Ninety One» тобының мүшесі – Alem қонақта!
Өнерпаздың жеке шығармашылығы мен отбасында қандай жаңалық бар? Қазіргі
тренттегі сленгтерді Alem қаншалықты жақсы біледі? Жақында қандай жаңа туынды
көрерменге жол тартпақ? «Елестетті» әні қалай жарық көрді? Әншімен өрбіген
сұхбаттан білесіз!
Кішкентай
ғана ауыл мектебінің түлегі әлемнің 36 беделді университетінен шақырту алды. Ал
Арыс қаласының тұрғынына 86 ЖОО-нан осындай ұсыныс түскен. 2025 жылғы
түлектердің таудай талабы мен табысы жайлы «Бүгін. Live»-та!
Заманына
қарай адамы. Биылдан бастап мүлде жаңа буын - бета ұрпақ дүниеге келіп жатыр.
Олардың таным-түсінігі қандай? Ал альфаларды қай мамандыққа баулыған жөн?
Профориентолог маман жауап берді.

