Әлемде азық-түлік бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
Әлемде азық-түлік бағалары индексі рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
БҰҰ келтірген дерекке сәйкес, наурыз айында ішіп-жеу құны 2014 жылдың маусымынан бері болмаған деңгейге өсіпті. Оған негізінен өсімдік майы бағасы индексінің көтерілуі себеп болған.
Ақпан айымен салыстырғанда ол 8% қымбаттапты. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мамандар: «Мұндай жағдай биодизель отынын өндірушілер тарапынан болатын тұрақты сұраныспен байланысты», – дейді. Бұдан бөлек, олар сүт өнімдері бағасының индексі 3,9% өскенін айтады.