Павлодарда 288 тұрғын баспаналы болды

Павлодар қаласының 288 тұрғыны қоныс тойын тойлап жатыр. Шаһарда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға баспаналар үлестірілді.

Салтанатты шараға облыс әкімі Асаин Байханов та қатысты.

Асаин Байханов, Павлодар облысының әкімі:

– Сіздерге алғыс айтқым келеді. Күтіп, шыдамдылық, сабырлылық танытқандарыңыз үшін. Құрылыс оңай болмайды. Әрқашан өз тарапымнан да туындайтын сұрақтар да болады. Сондықтан, сәл кешіксек, сабырлылық танытқандарыңызға рақмет! 

Айта кетейік, жыл соңына дейін Павлодарда тағы 200 пәтер беріледі. Ал келер жылы 500 баспана тапсырылады.