Алғаш рет қазақы тазылар әлемдік байқауға қатысады

Алдағы аптада отандық кинологтар халықаралық кинологиялық федерациясы Бас Ассамблеясының отырысына қатысады. Онда Қазақстанды осы ұйымға қабылдау мәселесі қаралады. Яғни, толық құқылы мүшесі ретінде тіркеу  асыл тұқымды иттеріміз әлемдік деңгейде мойындалады деген сөз. Бұл орайда айта кетерлігі, былтыр Мемлекет басшысы тазы мен төбетті төлтума қазақы ит тұқымдары ретінде халықаралық деңгейде танытуды тапсырған болатын.

Бауыржан Серікқали, Қазақстан кинологтары одағының президенті:

- Біз бүкіл талаптарды орындадық. Біз ол деңгейге лайықты екенімізге күмәнім жоқ. Сондықтан кедергі болмау керек. Бұйыртса бізге мақсатымызға жету керек. Бірінші тазыны мойындату мақсатында жұмыс істейміз. Одан кейін төбетпен айналысамыз.  Халықаралық федерацияның номенклатура тізіміне енгізілді тазы.  «Qazaq Tazy» деген бренд бізде резервте тұр деп айтуға болады. Сондықтан бұл тарихта қалатын нәрсе, соған біз қуаныштымыз.

Осы басқосудың аясында Женевада «World Dog Show» чемпионаты өтеді. Оған дүние жүзінен 20 мыңға жуық ит қатысады. Бұл сайыста алғаш рет жүгіртсе желмен жарысқан, ал аңға салса аузын майлаған қазақтың құмай тазылары сыналады. Осындай асыл тұқымды төлтумаларды өскемендік Елена Хардина 20 жылдан бері асырап келеді. Жаһандық додада сыналатын 2 төрт аяқты серігі ел намысын қолдан бермеуге сақадай сай дейді, кинолог.    

Елена Хардина, кинолог:

- Бұл біздің төл тұқым. Сондықтан да, Қазақстанда күтіп-бапталатын тазылар жеңуі тиіс.  + 16:42:36:11 Біздің асыл тұқымды иттеріміз қазір кеңге танымал. Қазір бұл таза қанды тазыларды Украина, Белорусь пен  Ресей, Түркия, Венгрия елдерінде де  асырау ісі кешенді түрде қолға алынған.

Қазақы тазылардың алдында 7800 шақырым жол жатыр. Жеті күнде Женеваға жету керек. Швейцарияға дейін Еуропаның 10 мемлекетін басып өтеді.