Маңғыстау облысында мал азығын өсірудің жаңа технологиясы пайдаланылады

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда «жасыл» технологияларды қолдану. Маңғыстау облысында жыл бойына мал азығын өсірудің жаңа технологиясы пайдаланылады. Фермер иесі Исатай Сақтағанов арнайы цех ашып, қажетті жабдықтары дайындаған. Мұнда арпаның суға малынған дәні бірнеше күн ішінде дайын көшеттерге дейін көтеріледі. Суару жүйесі күніне екі рет автоматты түрде жұмыс істеп, арнайы микроклиматты сақтап тұрады. Диқанның айтуынша, гидропоникалық қондырғыларда өсірілген жем өнімнің сапасына оң әсер етеді.

Исатай Сақтағанов, Шетпе ауылының тұрғыны:

- 1 айға 400 келі егемін, 400 келіден 4 тонна шығады. Қаз, үйрек, күркетауық бағуға болады, биыл ұстаймыз. Бәрі шығып тұрғаннан кейін шөп онша көп керек емес.

Ал мына гидропоникалық жылыжайда қызанақ түрік технологиясы бойынша өсіріледі. «Алғашқы 150 келі өнімін бар болғаны үш айда бере бастаған», – дейді фермерлер. Алдағы уақытта тағы екі жылыжай салып, онда қияр мен аскөк өсіруді жоспарлап отыр.

Амангүл Ұзақбаева, агроном:

- Өнімізді санапед эпидстанцияға экспертизаға жібердік. Қорытындысы бойынша 100% жеуге жарамды өнім деп жіберді. Қатты қуандық, жұмысымыздың жемісі деп білдік. 1 жылда жаз айында маусым аяқталады, сол уақытта 150-160 тонна қызанақ аламыз деген жоспарда бар.

Орынғали Күзембаев, Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- 2021 жылы 18 шаруақожалыққа цитлитраға, 3 шаруақожалыққа суға субсидия бердік. Жайық – Волга тасжолы бар. Қызан, Ақшымырау, Тұщықұдық, Шебір. Сол тасжол арқылы келетін суға субсидия береді. Жыңғылды деген ауыл бар, көп егіншіміз сол жерде. Жыл сайын қауын-қарбыз, қызанақ егіп, саудық-саттықа шығарады. Жыл сайын жеңілдетілген бағада Ақтауға, Шетпеге әкеліп тұрады.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін былтыр жергілікті шаруа қожалықтары 160 млн теңгеден астам субсидия алған. Аталған қаражатқа шаруалар қажетті техникалар мен минералды тыңайтқыштар сатып алды.