Қазақстанда бірнеше ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру жоспарланып отыр
Өңірде мақта өңдейтін зауыттар, жүгеріні терең өңдейтін өндіріс орны, крахмал өңдейтін цех ашу көзделген. Сондай-ақ бақша дақылдары мен жемістерді азық-түлік өнімдеріне айналдыратын агроөнеркәсіп кешен құру жобасы қолға алынбақ. Сондай-ақ үш жем зауыты салынады.
Жалпы, облыста барлығы 89 млрд теңгеге жуық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Ал Шымкентте 15 миллиард теңгені құрайтын тоғыз ауыл шаруашылығы жобасы іске қосылады. Жыл соңына дейін жылыжай кешені пайда болады. Сонымен қатар сүтті қайта өңдеу жобасын жүзеге асыру жоспарда бар. Сондай-ақ қалада бройлер құс фабрикасы салынып, картоп және көкөніс қоймалары пайдалануға беріледі деп күтілуде.